Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттауы мүмкін
ашық дереккөзі
Сарапшылар жыл сайынғы динамикадағы азық-түлік тауарларының барлық негізгі түрлерінде бағаның айтарлықтай өсуі байқалғанын атап өтті деп жазды turkystan.kz. Қазақстанда 2022 жылдың наурыз айында азық-түлік тауарларының бағасы 5,8% өсті, ал жылына 15,4%-ға көтерілді. Жыл бойынша шаққанда, бағаның қымбаттауы ең көп Ақтөбе облысында (18,5%) тіркелді. Түркістан облысы мен Шымкентте – 17,2%-ға, Жамбыл облысында – 16,7%-ға өсу тіркелді. Елімізде жемістер мен көкөністер бірден 25,9%-ға, қант, тосап, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер – 24,7%-ға, майлар мен тоңмайлар – 17,4%-ға, нан өнімдері мен жарма – 13,6%-ға, балық және теңіз өнімдері – 13,1%-ға қымбаттады. Ет, оның ішінде ет өнімдері – 12,9%-ға, сүт өнімдері 11,8%-ға өсті. Сәуір айының толық деректері әлі жоқ. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, теріс динамика жалғасып отыр. Мәселен, 1-12 сәуір аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тікелей мемлекет бақылайтын және реттейтін бағалар тағы 1,8%-ға, ал жыл басынан осы күнге дейін бірден 13,4%-ға көтерілді. Айта кету керек, бұл қиыншылықта Қазақстан жалғыз емес: азық-түлік бағасының рекордтық өсуі бүкіл әлемде байқалады.