Индира Рыстина жаңа қызметке тағайындалды

Индира Рыстина жаңа қызметке тағайындалды

Индира Рыстина жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Индира Рыстина Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. И.С. Рыстина - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. 2010 жылы магистратураны, 2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторантурасын бітірген. «Жастардың саяси мәдениеті Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды қалыптастыру факторы ретінде» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған. «Саяси ғылымдар» мамандығы бойынша PhD докторы. Еңбек жолын 2008 жылы мектепте мұғалім болып бастаған. Саясаттану кафедрасының оқытушысы және доценті, «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының Кеңесшісі болды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Саясаттану» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің мүшесі. Ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметпен айналысады, отыздан астам ғылыми жарияланымның авторы. Бұқаралық ақпарат құралдарында өзекті мәселелер бойынша белсенді сарапшылық пікір білдіріп тұрады. 2020 жылы конкурс бойынша Президенттік жастар кадр резервінің құрамына кірді. Ол бүгінгі өзгеріске дейін Президент жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.