Coca-Cola ресейлік компанияны сотқа берді

Coca-Cola ресейлік компанияны сотқа берді

Coca-Cola ресейлік компанияны сотқа берді
ашық дереккөзі
Ресей Coca-Cola сусынының орнына RuCola сусынын шығармақ деп хабарлады turkystan.kz. «Напитки из Черноголовки – Аквалайф» компаниясы роспатентке тіркеуге өтініш беріп қойған. Осыдан кейін Coca-Cola компаниясы RuCoLa-ны тіркеуге жол бермеу үшін сотқа шағым түсірген. Америкалық корпорация сауда белгісі оның «Fanta» сусынына ұқсас деп есептегенімен, сот арыз беруші тараптың арызын қанағаттандырмаған. Биыл наурызда Coca-Cola Ресейдегі жұмысын тоқтататынын хабарлаған. Содан кейін Мәскеудегі бас кеңсе сусындардың сатыла беретінін түсіндірді. Ақырында бұл тек маркетинг пен жаңа жобаларға инвестицияны тоқтату туралы мәлімдеме екендігі анықталды.