Түркістан облысының тұрғыны ауласында есірткі өсірген

Түркістан облысының тұрғыны ауласында есірткі өсірген

Түркістан облысының тұрғыны ауласында есірткі өсірген
ашық дереккөзі
Түркістан облысының тұрғыны ауласында сора өсірген деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Ордабасы ауданы полиция басқармасының қызметкері Бақытжан Тұрсынбаев аудан тұрғынының бақшада есірткі өсіретіндігін анықтаған.
«Ордабасы аудандық ПБ-ның жедел-тергеу тобы хабар алысымен күдіктінің үйіне барып, тінту жүргізді. Тексеру кезінде күдіктінің ауласынан түбі қопсытылып, суғарылып, күтіп-бапталған 5 түп жасыл түсті, өзіне тән айрықша хош иісі бар, есірткіге ұқсас өсімдік заты анықталды. Айғақты зат тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдік сора болып шықты», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  width= Тағы оқи отырыңыз: Қызылордада есірткі өндіретін жасырын цех анықталды