«Алтын белгінің құрамында алтын жоқ»: министрлік өкілі жауап берді

«Алтын белгінің құрамында алтын жоқ»: министрлік өкілі жауап берді

«Алтын белгінің құрамында алтын жоқ»: министрлік өкілі жауап берді
ашық дереккөзі
Мектеп түлектеріне берілетін «Алтын белгінің» құрамында алтын жоқ болғандықтан, оны сонша бұлдаудың не қажеттігі барын сұраған қазақстандыққа министрлік өкілі жауап берді деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерболат Бахтияров есімді азамат «Алтын белгі» иегерлеріне ешқандай артықшылық пен жеңілдіктер болмаса, оған талпынып, тырысудың қажеті неде екенін сұраған.
«Оған қоса, естуімше, былай бұлдайтындай «Алтын белгіде» айтарлықтай алтын да жоқ екен» деген пікір қалдырыпты ол желіде.
БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, «Білім туралы» заңға сәйкес «Алтын белгі» иегерлері жоғары оқу орнына түсу кезіндегі артықшылыққа ие. Мысалы, конкурс кезінде үміткерлердің жинаған балдары тең болған жағдайда «Алтын белгі» иегеріне басымдық беріледі.
«Менің түсінігімде, алтын дегеніміз – алған білім. «Алтын белгі» кімге беріледі? 11 жыл бойы өзінің озат білімін көрсете алған оқушыға ғана беріледі. Сондықтан осы еңбекті мен алтынға теңеймін. Сонымен бірге, «Алтын белгі» - оқушыны ынталандырудың бір әдісі. Оқушының үлкен жетістіктерге жету жолындағы алғашқы баспалдағы», - деді Гүлмира Кәрімова.