Қазақстаннан Тәжікстанға аптасына екі рет ұшып баруға болады

Қазақстаннан Тәжікстанға аптасына екі рет ұшып баруға болады

Қазақстаннан Тәжікстанға аптасына екі рет ұшып баруға болады
ашық дереккөзі
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты жолаушылар рейс саны өседі деп хабарлады turkystan.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Somon Air» тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ қазақстандық «Эйр Астана» әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттырмақ. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді» деп жазылған министрлік хабарламасында.