Орыстың бәрі осылай ойласа ғой

Орыстың бәрі осылай ойласа ғой

Орыстың бәрі осылай ойласа ғой
ашық дереккөзі

"Радиоточка" интернет радиосы Мәжілісмендердің бірнешеуіне сауал жолдап, әлеуметтік желілердегі сепаратистік пиғылдағы "Северный Казахстан – орыс жері" атты ашық топтардың ашылуына қатысты пікірлерін білген екен. Халық қалаулылары әлеуметтік желіні пайдаланушылардың сепаратистік пиғылды тудыруына қатысты арнайы шара қолдану қажет деп есептейді. Мәселен депутат Айқын Қоңыров «Бұндай фактілерге арнайы қызмет пен бақылау органдары жылдам және адекватты түрде мән беріп, мәселені шешуі тиіс» десе, Алмас Тұртаев бұны арандату деп есептеген. Ал депутат Тәңірберген Бердіоңғаров Бас прокуратура ақпараттық ортада заңның сақталуына орай арнайы мониторинг жүргізуі керек деген ойда.

1428049974_gruppa-v-vk-3 1428050013_gruppa-v-vk 1428050029_gruppa-v-vk-1 1428050039_gruppa-v-vk-6Украина мен Ресей арасындағы текетірес басталғаннан бері ресейлік саясаттанушылардан бастап, жекелеген азаматтарға дейін ақпараттық арандатушылықпен айналысып кетті. Бұл арандату көп ұзамай қазақстандық орыстарға да жетті. Олардың бұған дейінгі арандатушылық әрекеттерін сайтымызда талмай айтып келе жатырмыз. Қазақ бұндайларды: «асыңды ішейін, даңғараңды былғайын» деп айдарлап та қойған.

«Қазақстан – көп ұлтты мемлекет» деп бөркімізді аспанға атамыз. Сол көп ұлттың бір шаңырақ астында дау-дамай шығармай ширек ғасыр бойы тату-тәтті  өмір сүріп келе жатқандығы – қазақтың толеранттығының арқасы. Қиын-қыстау кезеңде өзі бір үзім нанға зар бола отырып, Сталин жер аударған жүздеген ұлт өкілін бауырына басып, олардың жер басып жүруіне жол ашты, өсіп-өркендеуіне қол ұшын созды. Бүгінде солардың ұрпағы қазақтан асып, байып алды, енді қазақты менсінбейтін күйге жетті. Ол ол ма, бір кездері қазақ жерін паналауға келгенін ұмытып, территориямызға көз аларта бастады.

Дегенмен, қазақтың бұл жақсылығын ұмытпайтын, әрі Солтүстік облыстардың Столыпин жарлығынан кейін, қарашекпенділерге қазақтардан күшпен тартылып алынғандығын білетін де жандар бар екен. Мәселен, «Қазақия» газетінің №13 санында (1 сәуір, 2015 жыл) Борис Филатовтың «Магический Казахстан. История русского «казаха» атты мақаласы жарық көрген екен. Мақала авторы Борис Филатов Қазақстанда емес, Украинада өмір есігін ашқан. Алайда оның өз атасы да, нағашы атасы да тағдыр тәлкегімен Қазақстанның солтүстік аймақтарын мекен етуге мәжбүр болған. Оның айтуынша, 1907 жылы оның атасы Псков губерниясынан Қазақстанға қарашекпенділермен бірге қоныс аударыпты. «Сәл шегініс жасап, қарашекпенділердің жер аударуының неден басталғанына зер салар болсақ, 1889 жылы 13 шілдеде «Ауыл тұрғындары мен мещандарды қазына жеріне ерікті түрде көшіру туралы» заң қабылданды. Бірден айта кету керек, патша өкіметі крестьяндардың жер мәселесін шешу үшін, қазақтардың мүддесіне, құқығына қол сұқты. Өйткені, бұл жерлер ешқандай қазынанікі емес, қазақтардың жері еді. Тек 1883-1893 жылдары аралығында тек Ақмола облысындағы қазақтардан 251 779 десте жер кәмпескеленді. Қазақтардың жерін тәркілеуге 1891 жылғы Дала ережесі заңдық негіз болды. Онда барлық жер біртұтас отарланған қорға тиесілі болды. Алайда, Өкімет ол жерлерді дұрыс пайдалануға зор күш жұмсаған жоқ, мақсат біреу ғана еді, қарашекпенділерді орналастыру. Бүгінде мен «орыс әлемі», «Орыстың Солтүстік Қазақстаны» туралы сандырақтарды естісем, менің есіме ата-бабаларымның қалай қоныс аударғаны мен қазақ халқының құқығының қалай аяққа тапталғаны түседі. 1906 жылы 10 наурызда Патша жаңа Ереже қабылдап, Оралдың аржағындағы жерлерді қарауға құзыретті біраз адамды аттандырады. Соның нәтижесінде 1910 жылдары Солтүстік Қазақстанда орыс халқының қарқынды өскені байқалады. 1896-1905 жылдары Ақмола, Семей, Торғай және Орал облыстарына 234 134 адам қоныстанса, 1905-1915 жылдары бір миллион жүзден астам адам келген» деп өз қандастарының тарихи фактіні бұрмалауына ренішін білдіріпті. Орыстың бәрі  осылай ойласа, онда сепаратистік пиғылды өршуті, әдейі арандатушы пікірлер өрбімес еді. Ал өзіміз де өзгелердің сандырағынан қорқатынымыз сондай, тәуелсіз елдің атауындағы тарихи ақтаңдақтарды өзгертуге әлі де күш жұмсай алмай келеміз.

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ