Жаңалықтар

Қызылордада ер адам 2-сынып оқушысын зорлаған

ашық дереккөзі

Қызылордада ер адам 2-сынып оқушысын зорлаған

Қызылорда облысында педофил 2-сынып оқушысын зорлаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.  Автор ұсынған мәліметке сүйенсек, оқиға Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында болған. #НеМолчиKZ қорына аноним үндеу келіп түсті, осы жағдайды растау немесе жоққа шығаруыңызды өтінемін. Егер бұл қылмыс жасалған болса, қандай шара қолданылды, кәмелетке толмаған жәбірленушіге қандай көмек көрсетілді? Осындай қылмыстардың алдын алу үшін халықпен қандай жұмыстар жүргізілді деп жазған белсенді үндеудің мәтінін жариялады. «Бір апта бұрын 2-сынып оқушысы зорланды... Жүрек ұстамасы бар қыздың анасы жатып қалды, ауырып қалған, әкесі шок алған. Зорлаушы қызды мектепке апарып тастаймын деп алдап, көлікке отырғызып алып кетіп, зорлаған. Қорлап, кейін сол жерге әкеп тастап, кетіп қалған», - делінген хатта. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін атап өтті. «Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды», - деді полицейлер.