Жаңалықтар

«Сүйінші!»: Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

ашық дереккөзі

«Сүйінші!»: Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Моңғолияның астанасы - Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Әлімхан Сыздықов құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл сүйінші хабарды Азия чемпионатына жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтауға арнайы барған меценат, спорт жанашыры Рүстем Мұқатов жеткізді. «Сүйінші! Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен 130 кг салмаққа дейінгі белдесуде Азия чемпионы атанды. Бүгін күрес түрлерінен өтіп жатқан құрлықтық бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны алтын медальға толықты», - деді ол. Бұдан басқа, 55 келіге дейінгі салмақта Аманғали Бекболатов, Мақсат Ережепов (-77 кг) пен Мейрамбек Айнағұлов (-63 кг) күміс жүлдегер атанса, Нұрсұлтан Тұрсынов (-87 кг) қола медальға ие болды. Грек-рим күресінен ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Серік Жұмашевтің айтуынша, бірінші күннің жалпы есептік қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр. Ертең балуандарымыз тағы да жүлдеге таласатын болады.