Қызылорда тұрғыны жаңа туған сәбиін «көшеден тауып алдым» деп полицияға хабар берген
Қызылорда тұрғыны жаңа туған сәбиін «көшеден тауып алдым» деп полицияға хабар берген
Қызылордада көшеден жаңа туған нәресте тауып алған әйел полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары арызданушының «табылған» баланың анасы екенін анықтады деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2022 жылғы 15 сәуірде сағат 19:30 шамасында Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің шетінен жаңа туған нәрестенің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
«Полицейлер баланы тауып алған ауыл тұрғыны оның анасы екенін анықтады. Оны өзі босанған, ал полицейлерге «нәрестені көшеден тауып алдым» деп жалған ақпарат берген», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір ана мен бала перзентханада емделіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.