Жаңалықтар

Шымкенттіктерді белгісіз вирус шошытып отыр

Шымкенттіктерді белгісіз вирус шошытып отыр

Шымкенттіктерді белгісіз вирус шошытып отыр. Тұрғындар коронавирусқа ұқсас аурудың белгілеріне шағымдануда деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Олар ПТР сынамасы теріс болса да, тамақ ауруы, жөтел және ентігу, буын сырқырауы бар дейді. Шынар Оразова соңғы бір айда екінші рет ауырып жатыр. Науқас салқын сусындар ішпегенін, суық тимегенін айтады. Дене қызуы болмаған, мұрынның бітелуі, тамақтың және буындардың ауыруы, жөтел және ентігу байқалған. Ал ПТР сынағы теріс боп шыққан.

Тағы жүздеген шымкенттік дәл осындай белгілерге шағымдануда. Сарапшылар қалада вирус таралып жатқанын айтады. Тек ақпан және наурыз айларының өзінде шымкенттік дәрігерлер ЖРВИ жұқтырған 7962 жағдайды анықтаған. Бұл өткен жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда, екі есе көп.

Шымкенттіктер емделуге көп уақыт кетеді деп шағымдануда. Дәрігерлер бұл коронавирустың салдары болуы мүмкін дейді. Ағзаның иммундық жүйесі әлсіреген.

Бүкіл Қазақстан бойынша ЖРВИ-мен ауыру екі есе жиілеп кетті. Дегенмен дәрігерлер ауыр зардаптарды болдырмау үшін жоғары температура болмаса да дәрігерге баруды ұсынады. Ал өзіңізді вирустардан қорғау үшін дұрыс тамақтаныңыз, спортпен шұғылданыңыз және көп адамдардан аулақ болыңыз.