Қостанайда жаңа туған нәрестенің мәйіті сөмкеден табылды

Қостанайда «Бүркіт» базарында ер адам жаңа туған сәбидің денесі салынған сөмке тауып алды деп хабарлады turkystan.kz.

«Сәуірдің 19-ы күні сағат 17:00 шамасында 37 жастағы ер адам «Бүркіт» базарының аумағынан жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған. Шақалақ сөмкенің ішінде жатқан», – делінген Қостанай облысының ПД таратқан хабарламада.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 100-бабы («Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі») бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.

Полицейлер аталған факті бойынша белгілі ақпарат беруді сұрап, тұрғындарға жүгінді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button