Ресейлік миллиардер Қазақстан азаматтығын алады

Ресейлік миллиардер Қазақстан азаматтығын алады

Ресейлік миллиардер Қазақстан азаматтығын алады
ашық дереккөзі
Ресейлік миллиардер Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алатын болды деп хабарлады turkystan.kz. DALA инсайд Telegram-арнасының хабарлауынша, ол Қазақстанның азаматтығын алуға дайындықты 5 жыл бұрын бастаған. Жақында Тимур Турлов Ресей азаматтығынан бас тартқан.
«Қазір оның Сент-Кис пен Невис аралының азаматтығы бар. Енді ол Қазақстан азаматтығын алу үшін бұдан да бас тартуы тиіс. Себебі Қазақстанда қос азаматтық жүрмейді», - делінген хабарламада.
Тимур Турлов - Freedom Finance холдингінің иесі. Оның құрамына банк, инвестициялық компания, сақтандыру компаниясы, брокерлік топтар кіреді. Тағы оқи отырыңыз: «Такаев» емес, «Тоқаев»: қазақша білетін блогер Ресей азаматтарына ақыл-кеңесін айтты (ВИДЕО)