Жаңалықтар

Ресейлік миллиардер Қазақстан азаматтығын алады

ашық дереккөзі

Ресейлік миллиардер Қазақстан азаматтығын алады

Ресейлік миллиардер Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алатын болды деп хабарлады turkystan.kz. DALA инсайд Telegram-арнасының хабарлауынша, ол Қазақстанның азаматтығын алуға дайындықты 5 жыл бұрын бастаған. Жақында Тимур Турлов Ресей азаматтығынан бас тартқан. «Қазір оның Сент-Кис пен Невис аралының азаматтығы бар. Енді ол Қазақстан азаматтығын алу үшін бұдан да бас тартуы тиіс. Себебі Қазақстанда қос азаматтық жүрмейді», - делінген хабарламада. Тимур Турлов - Freedom Finance холдингінің иесі. Оның құрамына банк, инвестициялық компания, сақтандыру компаниясы, брокерлік топтар кіреді. Тағы оқи отырыңыз: «Такаев» емес, «Тоқаев»: қазақша білетін блогер Ресей азаматтарына ақыл-кеңесін айтты (ВИДЕО)