Заңдастыру не үшін қажет?
Заңдастыру не үшін қажет?
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы кезінде заңдастырудың Қазақстан экономикасына әсеріне талдау жүргізуді тапсырды.
Премьер-Министр заңдастырудың Қазақстан экономикасына әсеріне талдау жасап, алынған экономикалық әсерді есептеу қажет екенін атап өтті.
Заңдастыру – табысты жасыру мақсатында немесе ҚР заңына сәйкес ресімделмеген, заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүлікке құқықты мемлекеттің мойындау процедурасы. Заңдастырудың негізгі мақсаты экономикаға заңдастырылған капитал түріндегі қосымша қаражатты тарту болып табылады.
ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, бүгінде 4 трлн теңге заңдастырылды, оның ішінде 1,1 трлн теңге сомасына мүлік, 2,9 трлн теңге ақша заңдастырылды. Соның ішінде заңдастырылған 399,2 млрд теңге шетелдердегі банк есепшоттарынан аударылды.
Заңдастыру бойынша науқан биылғы жылдың желтоқсан айында аяқталады.