Елдос Сметов жаттықтырушысына араша түсті (ВИДЕО)

Елдос Сметов жаттықтырушысына араша түсті (ВИДЕО)

Елдос Сметов жаттықтырушысына араша түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов дзюдодан Қазақстанның ерлер құрама командасының бас бапкері, өзінің жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке араша түсті деп хабарлады turkystan.kz. Осыған байланысты ол Instagram-да жаттықтырушысын қолдап, пікір білдірді.
«Спортсүйер қауым Олимпиаданың екі дүркін алтын медаль иегерін, әлем чемпионын, тұңғыш Азия ойындарының жеңімпазын дайындаған Ғалымжан Жылгелдиевті №1 жаттықтырушы деп санайды. Қазір одан мықты бапкер жоқ», - деді ол.
Осы жерде ол Олимпиадаға екі жыл уақыт қалғанда, балуандарды басқа да маңызды жарыстар күтіп тұрғанда, Қазақстанның ерлер құрама командасы бас бапкерінің орнын ауыстыруды мүлдем түсінбейтінін және оны қолдамайтынын айтты. Елдос Сметовтің толық пікірі видеода жарияланған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от YELDOS SMETOV (@yeldos60kg)

Тағы оқи отырыңыз: Елдос Сметовтің бапкеріне қысым көрсетіліп жатыр