Жаңалықтар

Елдос Сметов жаттықтырушысына араша түсті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Елдос Сметов жаттықтырушысына араша түсті (ВИДЕО)

Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов дзюдодан Қазақстанның ерлер құрама командасының бас бапкері, өзінің жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке араша түсті деп хабарлады turkystan.kz. Осыған байланысты ол Instagram-да жаттықтырушысын қолдап, пікір білдірді. «Спортсүйер қауым Олимпиаданың екі дүркін алтын медаль иегерін, әлем чемпионын, тұңғыш Азия ойындарының жеңімпазын дайындаған Ғалымжан Жылгелдиевті №1 жаттықтырушы деп санайды. Қазір одан мықты бапкер жоқ», - деді ол. Осы жерде ол Олимпиадаға екі жыл уақыт қалғанда, балуандарды басқа да маңызды жарыстар күтіп тұрғанда, Қазақстанның ерлер құрама командасы бас бапкерінің орнын ауыстыруды мүлдем түсінбейтінін және оны қолдамайтынын айтты. Елдос Сметовтің толық пікірі видеода жарияланған.