Биылдан бастап мектеп бітірушілер 2,5 жылдық оқуға түсе алады

Биылдан бастап мектеп бітірушілер 2,5 жылдық оқуға түсе алады

Биылдан бастап мектеп бітірушілер 2,5 жылдық оқуға түсе алады
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл жаңа оқу жылынан бастап пилоттық режимде 2,5 жылдық бакалавриат енгізелітінін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Министрдың айтуынша, көптеген жұмыс беруші кадрлардың өте ұзақ – 4 жыл бойы даярланатынына шағымданады. Сол себепті министрлік пилоттық режимде «қолданбалы бакалаврларды» дайындай бастайды. Бірақ 4 жылдық бакалавриат сол күйі қалады.
«Біз мұны биыл жаңа оқу жылынан бастауды жоспарлап отырмыз. Бірқатар жоғары оқу орнында пилоттық жоба болады. Әзірге елорда мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарына енгіземіз», - деді Асхат Аймағамбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте министр «қолданбалы бакалавриаттың» еңбек нарығына не беретінін түсіндірді.
«Қысқа уақыт ішінде, яғни 2-2,5 жыл ішінде практикаға бағдарланған маман еңбек нарығына шығады. Егер ол 2 немесе 5 жылдан кейін білімін шыңдап, әрі қарай оқығысы келсе, университетке барып, толық бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндігі бар. Университетке түсіп, әрі қарай оқуын жалғастыра алады», - деді ол.