«Қазақстанда 15 ЖОО және 31 колледж жабылды» – министр
«Қазақстанда 15 ЖОО және 31 колледж жабылды» – министр
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында кейбір ЖОО мен колледждердің жабылатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Бұдан бөлек, колледж талабына сәйкес келмейтін оқу орындары лицензиясынан айырылады.
«Қазақстанда 15 жоғары оқу орны және 31 колледж жабылды. Тағы 4 жоғары оқу орны және 29 колледж жабылу сатысында. 61 жоғары оқу орнының 500 бағыты бойынша лицензиялары және 375 колледждің 2200 бағыттының лицензиялары қайтарып алынды. Тағы 15 жоғары оқу орны мен 47 колледждің бейініне сәйкес келмейтін лицензияларын қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді министр.
Тағы оқи отырыңыз: Мұғалімдер аттестаттаудан босатыла ма? – Аймағамбетов жауап берді