Қаңтар оқиғасы: 1 260 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Қаңтар оқиғасы: 1 260 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Қаңтар оқиғасы: 1 260 қылмыстық іс тергеліп жатыр
ашық дереккөзі

Ішкі істер органдары «Қаңтар оқиғаларына» қатысты қанша қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді ескермесек, 1 260 қылмыстық іс бар. Оның ішінде ауыр қылмыс жасау күдігіне ілігіп, күзетпен ұсталып отырған 158 адамға қатысты істің де бар екенін атап өткім келеді», - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Күдікті адамдардың кінәсі негізінен қылмыс жасалған орындарда түсірілген бейнежазбалармен, куәгерлермен және заттай дәйектермен дәлелденген.

«Жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында және прокурорлардың келісуімен осы қылмыстық істер бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданатын», - деді департамент бастығы.