«Қазақстанды құттықтаймын!»: Альварес қазақ боксшылары туралы ойын айтты

«Қазақстанды құттықтаймын!»: Альварес қазақ боксшылары туралы ойын айтты

«Қазақстанды құттықтаймын!»: Альварес қазақ боксшылары туралы ойын айтты
ашық дереккөзі
Танымал спортшы, әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақ бокшыларын мақтай жөнелді деп хабарлады turkystan.kz. Альварестің айтуынша, қазір оның жаттығу лагерінде қазақ спортшылары жаттығып жүр.
«Қазақстанда мықты боксшылар көп. 1-2 апта бұрын біздің лагерьге бірнеше қазақстандық боксшы келді. Өте мықты боксшылар. Осындай боксшылары бар Қазақстанды құттықтаймын! Қазақ еліне міндетті түрде барғым келеді. Бұл қазақ жігіттері жуырда чемпион болады. Бұған күмәнім жоқ. Алға, Қазақстан!» –  деді Альваерс.
Айта кетейік, «Канелоның» лагерінде Евгений Павлов, Бек Нұрмағанбет, Данила Семенов, Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл секілді қазақстандық спортшылар жаттығады. Бұдан біраз уақыт бұрын Айдос Ербосынұлы «Канелоға» ресейлік Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жекке дайындалуға көмектескен. Тағы оқи отырыңыздар: «Менің стилім басқаша»: Әлімханұлы өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап берді