Жаңалықтар

Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін

ашық дереккөзі

Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін

Алматы прокуроры Игорь Дужновты дүние-мүлкін тәркілеусіз, қауіпсіздігі төтенше мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлады turkystan.kz. «Дужновтың өз ісіне еш өкінбейтінін ескере отырып, оған мүлкін тәркілеусіз, төтенше жағдайдағы күзет мекемесінде өтейтін ең жоғары жазаны тағайындау қажет деп есептеймін», - деді прокурор. Айта кетсек, былтыр 20 қыркүйекте Алматыда ер адам 5 адамды: сот орындаушысын, екі полицейді және екі бейбіт тұрғынды атып тастаған болатын. Дужновқа адам өлтірді, билік өкіліне күш көрсетті және шет мемлекеттің аумағында соғыс қимылдарына қатысты деген айыптар тағылды. 29 наурызда іс бойынша басты сот отырысы басталды.