Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Бақытжан Позилов Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті деп хабарлады turkystan.kz.
 «Соңғы бірнеше ай ішінде мен бірнеше рет еңбек демалысына, жалақысы сақталмайтын демалысқа шықтым. Басқарма басшысы қызметі тұрақты жұмысты қажет ететінін түсінемін. Сонымен қатар, жедел түрде әртүрлі шешімдер қабылдау мәселесі де бар, осыған байланысты мен осындай шешім қабылдадым» деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ, қолдау білдіріп, сенім артқан қала басшылығы мен әріптестеріне алғыс айтқан. Айта кетсек, Бақытжан Позилов 2020 жылдың 2 қазанында Шымкент қаласының бас дәрігері болып тағайындалған.