Ресей генералдары Путинге өтініш айтты

Ресей генералдары Путинге өтініш айтты

Ресей генералдары Путинге өтініш айтты
ашық дереккөзі
Ресей генералдарының бір бөлігі Владимир Путиннен Украинаның оңтүстік-шығысындағы қарулы қақтығысты бастамауды сұрады деп хабарлады turkystan.kz segodnya.ua порталына сілтеме жасап. Әскери сарапшы Олег Ждановтың айтуынша, генералдар Путинге Ресей Қарулы күштерінің қауқарлы бөлігін сақтап қалу үшін шабуылдың екінші толқынын жасамауды сұраған. Ол Ресей әскерлері Донбаста жеңілетін болса, РФ-да украин шекарасынан Мәскеуге дейінгі аумақта шынайы жауынгерлік қабілеті бар бөлімдердің қалмайтынын айтты. Кремльде Ресей генералдарының өтінішін ешкім елемеген сияқты. Бүгін Украинаның оңтүстік-шығысындағы қарулы қақтығыстың екінші кезеңі басталды. Бұл туралы Украинаның Президенті Владимир Зеленский мәлімдеді. Тағы оқи отырыңыз: Ресей бір түнде 315 нысанға соққы жасады