«Менің стилім басқаша»: Әлімханұлы өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап берді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы көптеген бокс әуесқойлары мен журналистердің өзін осы дивизионда өнер көрсететін отандасы Геннадий Головкинмен салыстыратындарына наразы екенін жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.

Былғары қолғап шебері бұл туралы Twitter-дегі жеке парақшасына жазды. Жәнібектің айтуынша, Геннадий өз жолымен жүріп келе жатыр және рингте өзінің даралығын көрсеткісі келеді.

«Бәрі мені Қазақстанның жаңа Головкині деп айтады. Мен бәріне жаңа Головкин емес екенімді айтқым келеді. Мен – Жәнібекпін. Мен – «Қазақ стилімін». Менің стилім басқаша. Менің оқиғам да ерекше!» – деп жазды боксшы.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы келесі айқасын 21-мамырда Лас-Вегаста өткізеді. Ол орта салмақтағы Ұлыбритания өкілі Дэнни Дигнумоммен бос тұрған WBO әлем чемпионы титулы үшін айқасады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button