Ақтөбеде тағы бір GAP қаржы пирамидасы анықталды

Ақтөбеде тағы бір GAP қаржы пирамидасы анықталды

Ақтөбеде тағы бір GAP қаржы пирамидасы анықталды
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласында үшінші GAP қаржы пирамидасы әшкереленді деп жазды turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. ҚМА мәліметінше, Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырудың тағы бір фактісі анықталған.
«Ұйымдастырушылар тұрғындарға 10 пайыздық бастапқы жарнамен үй немесе көлік сатып алуды ұсынған. Осылайша, олар қаржы пирамидасына активтер тартқан. ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы, 1-бөлігі («Қаржы пирамидасын құру және басқару») бойынша соталды тергеу басталды», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды. Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент және Қостанай қалаларында осы GAP қаржы пирамидасының қызметтері анықталған болатын. Сонымен бірге, агенттік өкілдері қаржылық пирамидаға тап болған жағдайда 8 (7172) 70-84-78 сенім телефонына қоңырау шалуды немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға жазуды сұрайды.