Жаңалықтар

«Темекі шегуді, ұрысуды азайттым»: Байзақова мықты тексеріс жайлы айтты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Темекі шегуді, ұрысуды азайттым»: Байзақова мықты тексеріс жайлы айтты (ВИДЕО)

Атышулы блогер Айжан Байзақова ораза ұстағанын айтып, оқырмандарын қуантып қойды. Енді ол ораза ұстағалы бері «ерекше толқынды ұстап алғандаймын» деп отыр. Бұл туралы Байзақова Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

Блогердің айтуынша, ол оразаның алғашқы күндері қиналған. Қазір таң атқаннан кеш батқанша аш жүруге үйрене  бастапты.

«Бұл өмірімдегі төзімділікке деген ең мықты тексеріс болды. Өйткені менің қалыпты өмір сүру дағдымды сіздер білесіздер. Мен өзім үшін ештеңеден бас тартпайтын жанмын. Ораза ұстағалы бері темекі шегуді және ұрысуды азайттым. Ең бастысы, шабыт беретін толқын ұстап алғандаймын. Басым идеяға толды. Әрекет етуге, ойымдағының бәрін іске асыруға деген қалауым мықты болып тұр. Бұл ойлар жеке өміріме, блогыма және жылдық жоспарыма қатысты. Осы өзгерістерді сезінгеннен кейін ғана сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Жыл бойы осындай болып қалсақ екен деген тілегім бар», – деді елді елең еткізуден жалықпайтын Байзақова. Блогердің бұрын-соңды мұндай қылығын байқамаған оқырмандары «Ақиқатқа жақындау ешқашан кеш емес», «Оразаң қабыл болсын!» деп оған қолдау білдіріп жатыр.