«Торғай облысын бюджетке салмақ салмай ашуға болады» - Ғалым Байназаров (ВИДЕО)

«Торғай облысын бюджетке салмақ салмай ашуға болады» - Ғалым Байназаров (ВИДЕО)

«Торғай облысын бюджетке салмақ салмай ашуға болады» - Ғалым Байназаров (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік банкінің үздігі Ғалым Байназаров Торғай облысын бюджетке салмақ салмай ашуға болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Atameken Business News телеарнасына сұхбат беріп, Торғай облысын ешқандай проблемасыз ашуға болатынын айтты. Ғалым Байназарұлы әуелі 1970 жылы Торғай облысы ашылғанда құрамындағы 9 ауданда 298 мың адам тұрғанын, 1990 жылы халық саны 305 мың адамға жеткенін айтып, тәуелсіздік жылдарындағы жекешелендіру саясаты ел экономикасының дамуына кесірін тигізгенін атап өтті.
«Бұрын Қазақстанда 2 500 кеңшар болса, Торғай облысында 219 кеңшар, 3 млн гектар егін алқабы болған еді. Облыс жабылғанда жұмыс орындары жабылған соң, халық азайып кетті», - деді экономист.
Осы ретте, Ғалым Байназарұлы көп адам айтып жүргендей, облысты ашу үшін көп ақшаның да, көп халықтың да керек еместігін мәлімдеді.
«Облысты ашу үшін 1 млн халықтың болуы міндетті емес. Сіздер қате ойлайсыздар. Бұл дұрыс түсінік емес. Торғай өңірі Қазақстанның дәл ортасында тұр. Оны адам тұрмайтындай жер етіп жіберу дұрыс емес», - деді ол.
Одан әрі Ғалым Байназарұлы елге билік жақындамай ел өспейтінін, Торғайдағы 3 млн егіс алқабынан 3,5 млн егін алып, кемінде 2-3 млрд доллар табыс табуға болатынын атап өтті.
«Бір облысты асырау үшін әрі кеткенде 1 млрд доллардан артық шығын болмайды. Одан 700-800 мың доллардай салық алуға болады. Сонда егін алқабынан алынатын табыстың өзі облыстың шығынын түгелімен жабады. Торғайда алтын, көмір, мұнай, сирек кездесетін металл бар. Оның бокситі түгел алынған жоқ. Оның қаймағы алынды. Облысты ашу проблема емес. Оны бүгін де, ертең де ашуға болады», - деді Ғалым Байназаров.
Тағы оқи отырыңыз: Депутаттар Торғай облысын қалпына келтіруді ұсынды