Солтүстік Қазақстандағы су қоймасы таси бастады

Солтүстік Қазақстандағы су қоймасы таси бастады

Солтүстік Қазақстандағы су қоймасы таси бастады
ашық дереккөзі
СҚО-дағы Сергеев су қоймасы толып, ернеуінен асып-төгіле бастаған деп хабарлады turkystan.kz.
«Сергеев су қоймасына жиылған су деңгейі 9 сантиметрге дейін көтерілді. Ол су қойманың ернеуінен асып, төгіліп жатыр. Десек те, биыл айтарлықтай су тасқыны болмайды, жылдағыдай Петропавлдағы Заречный кентіндегі саяжай учаскелері су астында қалмайды», - деп сендірді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мамандары.
Филиал директоры Қымбат Мерғалимованың айтуынша, болжам бойынша, тасып-төгілу небәрі 20 см ғана болмақ. Су қоймасы Ақмола облысынан келген сумен толығып жатыр, ал Есіл өзенінің сағаларында су деңгейінің түскені байқалады. Таңғы сағат 8.00-дегі ақпар бойынша, Есіл өзені Крещенко елді мекенінің маңында 12 см-ге, Сергеевка қаласының маңында 11 см-ге көтелді. Ал Сергеев су қоймасында деңгейі бір тәулікте 16 см-ге өзгерген. СҚО-да ең үлкен су тасқыны 2017 жылы болды, осы уақытта Сергеев су қоймасынан тасыған судың биіктігі 3 метрден асып кеткен. 2018 жылы 2 метрге жуықтаса, былтыр 1,5 метрге жеткен.