Екі айда елден 3,5 мыңнан астам адам кетіп қалған

Екі айда елден 3,5 мыңнан астам адам кетіп қалған

Екі айда елден 3,5 мыңнан астам адам кетіп қалған
ашық дереккөзі
Көші-қон қызметі органдарының ақпаратынша, 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстаннан 3520 адам кетіп, елге 2869 адам келген. Көші-қон сальдосы - 651 адам деп хабарлады turkystan.kz.
«Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі - 87,3%, көшіп кеткендердің үлесі жалпы көшіп-қонушылар санының 79,2%- ын құрады», - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, ел ішінде көшіп-қонушылар саны 12,6%-ға азайған. Өңіраралық ауысулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің төрт өңірінде қалыптасты: Нұр-Сұлтан (5447 адам), Алматы (5734 адам), Шымкент (776 адам) қалалары және Маңғыстау облысы (7 адам).