Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда Ақтоғай комбинаты ашылды

ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстанда Ақтоғай комбинаты ашылды

Шығыс Қазақстан облысында жылына 25 млн тонна кен өндіретін Ақтоғай комбинаты іске қосылды. «Ақтоғай комбинатында мыс сульфидті кенді қайта өңдеу бойынша фабриканың құрылысы аяқталғанын мәлімдейміз. Оның жылдық қуаты 25 млн тонна кенді құрайды. Катодты эквивалентте жылына 90 мың тонна мыс өндіріледі. Инвестициялар көлемі 2 млрд доллардан астам. Өндірісте 1500 адам жұмыс істейтін болады. Құрметті Елбасы! Фабриканы іске қосуға рұқсат етіңіз!» -деді KAZ Minerals тобының басшысы Олег Новачук. «Бұл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында іске қосып отырған ең ірі кәсіпорын. Сонымен қатар, осы алып өндіріс Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасып отыр, бұл жерде осындай кәсіпорын болмаған еді. Мен өте қуаныштымын. Жақында сіздердің кәсіпорындарыңызға баратын боламын», – деді Мемлекет басшысы.