Сенімхат арқылы көлік сатып алғандарға ескерту жасалды

Сенімхат арқылы көлік сатып алғандарға ескерту жасалды

Сенімхат арқылы көлік сатып алғандарға ескерту жасалды
ашық дереккөзі
Сенімхат арқылы сатылған көлік 3 жылдың ішінде сатып алушының атына аударылмаса, машина автоматты түрде бұрынғы иесінің атына қайта аударылады. Бұл туралы Талдықорғандағы мемлекеттік Кірістер басқармасының маманы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz 7-su.kz-ке сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, салық қызметкерлері сатылып кеткен көліктің салығы бұрынғы иесіне қайта келіп жататын жайттар жиі кездесетінін айтады. Барлығы сенімхаттың салдарынан дейді олар. Яғни, көлікті сенімхат арқылы сатқанда, көлікті сатып алушы оны 3 жылдың ішінде өз атына аударып алуы керек. Олай болмаған жағдайда көлік автоматты түрде бұрынғы иесінің атына қайта аударылады.
«Үш жылдың ішінде есептен шығармағаннан кейін, сенімхаттың күші жойылады. Яғни көліктің иесі оны сатқан адам болып қала береді. Сондықтан көлік сатқан адам Салық комитетіне келіп, қарыздарын есептетіп, автоЦОН-ға барып, утилизация рәсімдеп, көлігін тіркеуден алып тастауы керек», – деді Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік Кірістер басқармасының бас маманы Бауыржан Бекежанов.
Басқаша айтқанда, көлік кімнің атында тұр, сол адам салық төлейді. Төлемеген жағдайда берешек мәжбүрлі түрде сот арқылы өндіріледі. Сондықтан көлікті сатқан соң, оның бірден сатып алушының атына аударылғанын қадағалау керек. Себебі көліктің салығы төленбеген жағдайда өсімпұл күннен-күнге өсе береді. Көліктің иесін сотқа береді. Шоттарын бұғаттайды, көлігін айып тұрағына қояды, бұған қоса, өсімпұл өсе береді. Тағы оқи  отырыңыз: Жеңілдетілген автонесиелеу шарттары анықталды