Ресей бір түнде 315 нысанға соққы жасады

Ресей бір түнде 315 нысанға соққы жасады

Ресей бір түнде 315 нысанға соққы жасады
ашық дереккөзі
Ресей дүйсенбіде Украинаға соққы жасап, бірнеше қаласын бомбалады деп хабарлады turkystan.kz. Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, орыс әскерилері Украинадағы барлығы 315 нысанға соққы берген. ТАСС ақпарат агенттігінің дерегіне сүйенсек, қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарымен Украинадағы төрт қару-жарақ пен әскери техника қоймасын бір түнде жойған. Бұл туралы агенттікке Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлаған.
«Жоғары дәлдіктегі әуеден ұшырылатын зымырандар түнде Украинаның 16 әскери нысанын қиратты», - деді Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков.
Оның айтуынша, Ресей әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері екі украиндық жойғышты атып түсірген. Тағы оқи отырыңыз: «Ресеймен әлі 10 жыл соғыса аламыз» – Зеленский