Елордада үш жасар баланы көлік қағып кетті

Елордада самокат теуіп келе жатқан үш жасар бала көлік астына түсті деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жыл басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген, мерт болғандар жоқ», – делінген хабарламада.

Мәселен, Mitsubishi маркалы автокөліктің жүргізушісі Мыңарал көшесіндегі үйдің ауласымен келе жатып, самокат теуіп келе жатқан 2019 жылы туған баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін дене жарақатын алды. Аталған факті бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button