Димаш Құдайбергеннің Чехиядағы концерті дүркіреп өтті (ФОТО)

Димаш Құдайбергеннің Чехиядағы концерті дүркіреп өтті (ФОТО)

Димаш Құдайбергеннің Чехиядағы концерті дүркіреп өтті (ФОТО)
ашық дереккөзі
16 Сәуірде Чех Республикасының астанасы - Прага Димаш Құдайбергеннің «ARNAU» эстафетасын қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. DimashNews редакциясына берген сұхбатында әнші көптен күткен жеке концертінің қалай өткенін айтты.  width=
«Иә, пандемияның 2 жылында мен әртүрлі кештер мен фестивальдерде өнер көрсеттім, бірақ жеке концертпен оралу – мүлдем басқа сезім. Атмосфера ерекше. Сондықтан, әрине, барлық Dears-қа маған көрсеткен сүйіспеншілігі мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді», - деді ол.
 width=
Ол пандемия кезіндегі жанкүйерлерімен байланысы жайлы да айтты.
«Ұзақ үзілістен кейін сахнаға шыққан соң қобалжу болды. Бірақ сахнаға шыққан бойда барлық уайымым әп-сәтте сейілді. Біздің концерттеріміз пандемияға байланысты 2 жыл тоқтап қалғанына қарамастан, Dears-пен байланысымыз әлі де күшті», - деді әнші.
 width=
«DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев 2 жылдан кейін концерттік атмосфераға оралу туралы ойымен бөлісті.
«Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы басталған індетке байланысты біз турды тоқтата тұруға мәжбүр болдық. Әрине, біз үшін оны қайтадан жалғастыра алу - үлкен бақыт. Біз Димаштың жанкүйерлерімен, сондай-ақ, әртүрлі елдердегі әріптестерімізбен кездескенімізге қуаныштымыз», - деді Қанат Айтбаев.
 width=
 width=
TipSport Arena-дағы концертте Intro-ның алғашқы аккордтарынан-ақ жанкүйерлердің эмоциялары байқалып жатты.
 width=
 width=
 width=
 width=  width= Оның концертіне әлемнің 15-тен астам елінен тыңдармандар жиналған. Олар Прагада Димаш Құдайбергеннің аяғын жерге тигізбей қарсы алды. Айта кетсек, 2020 жылы басталған Димаштың «ARNAU» концерттік туры екі жылдан кейін қайта басталды.