Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чехиядағы концерті дүркіреп өтті (ФОТО)

ашық дереккөзі

Димаш Құдайбергеннің Чехиядағы концерті дүркіреп өтті (ФОТО)

16 Сәуірде Чех Республикасының астанасы - Прага Димаш Құдайбергеннің «ARNAU» эстафетасын қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. DimashNews редакциясына берген сұхбатында әнші көптен күткен жеке концертінің қалай өткенін айтты. Ол пандемия кезіндегі жанкүйерлерімен байланысы жайлы да айтты. «Ұзақ үзілістен кейін сахнаға шыққан соң қобалжу болды. Бірақ сахнаға шыққан бойда барлық уайымым әп-сәтте сейілді. Біздің концерттеріміз пандемияға байланысты 2 жыл тоқтап қалғанына қарамастан, Dears-пен байланысымыз әлі де күшті», - деді әнші. Оның концертіне әлемнің 15-тен астам елінен тыңдармандар жиналған. Олар Прагада Димаш Құдайбергеннің аяғын жерге тигізбей қарсы алды. Айта кетсек, 2020 жылы басталған Димаштың «ARNAU» концерттік туры екі жылдан кейін қайта басталды.