Қазақ азаматтары Бостон марафонына қатысып жатыр

Қазақ азаматтары Бостон марафонына қатысып жатыр

Қазақ азаматтары Бостон марафонына қатысып жатыр
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Бостон қаласында өтетін марафонға Қазақстанның 9 азаматы қатысады деп хабарлады turkystan.kz. Ол туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында бірнеше жылдан бері еліміздегі және шетелдегі жүгіруден жарыстарға қатысып келе жатқан кәсіпкер, журналист Еренғайып Қуатайұлы айтты.
«Бүгін сұрапыл марафон болайын деп тұр. Әлемнің әр жерінен келген 30 мың марафоншы Бостон көшесін басына көтеруге әзір. Биыл 126 жылдық тарихы бар Бостон марафонына 9 қазақстандық қатысады. Көршілеріміз Өзбекстан мен Қырғызстаннан бір-бір адам бар», - деп жазды ол.
Сонымен бірге, ол марафонды ұйымдастырушылардың 20-дан астам ресейлікке Кремльдің Украинаға ашқан соғысы үшін жарысқа қатысуға рұқсат бермегенін атап өтті.
«Спорттық «ЭКСПО-да» Украинаны қолдаған арнайы орын болды. Бостон көшелерінде ілінген Украина туы желбіреп тұр!» - деді ол.
 width= Тағы оқи отырыңыз: Марафоншы Заңғар Әлкенов Рекордтар кітабына енді