Елімізде тағы 4 партия құрылуы мүмкін

Елімізде тағы 4 партия құрылуы мүмкін

Елімізде тағы 4 партия құрылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазір Әділет министрлігінде 4 партияның құжаты қаралып жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Қанат Мусин мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Халық дербестігі» партиясы екінші кезеңге өтті. Бұл ұйым қазір заңға сәйкес партия ретінде құрылтайшылық съезін өткізеді. 20 мың кандидатының тізімін ұсынуы қажет. Бүгінде заңға сәйкес тіркеу мерзімі тоқтатылды. Партия мүшелерін тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, «Ел тірегі», «Намыс» және «Бәйтерек» партиялары бойынша бірінші кезең деңгейінде жұмыс жүргізілмек. Яғни партия құру ниеті туралы хабарлама алынғаннан кейін заңға сәйкес тексеру жасалады», - деді министр.