«Мені Мариуполь халқына айырбастаңыздар»: Медведчук мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Мені Мариуполь халқына айырбастаңыздар»: Медведчук мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Мені Мариуполь халқына айырбастаңыздар»: Медведчук мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Украинаның Қауіпсіздік қызметі Медведчуктың Путин мен Зеленскийге жолдаған мәлімдемесін жариялады деп жазды turkystan.kz. Әлеуметтік желіде УҚҚ елдегі ең ірі партиялардың бірі «Оппозициялық платформа – Өмір бойы» партиясының басшысы Виктор Медведчуктың Путин мен Зеленскийден өзін Мариуполь халқына айырбастауын өтініп сұраған бейнежазбасын жариялады.
«Мен, Медведчук Виктор Владимирович, Ресей Президенті Владимир Путин мен Украина Президенті Владимир Зеленскийге мені қауіпсіз гуманитарлық дәліз арқылы өтуге мүмкіндігі жоқ Мариуполь халқы мен қорғаушыларына айырбастауларыңызды сұраймын», – деп өтінді Медведчук.
Айта кетейік, бұған дейін Украина басшысы Зеленский өзінің телеграм арнасында Медведчуктың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.
«Арнайы УҚҚ операциясының арқасында жүзеге асырылды! Жарайсыңдар! Толығырақ кейінірек» деп жазды ол.