Экологтар елорданы не үшін түтін иісі басып кеткенін түсіндірді

Экологтар елорданы не үшін түтін иісі басып кеткенін түсіндірді

Экологтар елорданы не үшін түтін иісі басып кеткенін түсіндірді
ашық дереккөзі
Елордада ауаны ластаушы заттардың шекті концентрациясы асып кетті. Салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында түтін иісі байқалды деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ның экологиялық мониторинг бекеттері таратқан мәліметке сілтеме жасап.

Атап айтқанда:

1) күкіртсутегі бойынша: 1,1-3,2 ШЖК (шекті жол берілетін концентрациясы) шегінен асып кетудің 38 жағдайы;

2) РМ2,5 (шаң) бойынша: 1,1-2,2 ШЖК шегінен асып кетудің 76 жағдайы;

3) РМ10 (шаң) бойынша: 1,1-1,2 ШЖК шегінен асып кетудің 7 жағдайы;

4) азот оксиді бойынша: 1,0-2,5 ШЖК шегінен асып кетудің 30 жағдайы;

5) азот диоксиді бойынша: 1,1-3,6 ШЖК шегінен асып кетудің 53 жағдайы тіркелді.

Азот диоксиді бойынша №5 бекет (Тұран даңғылы, 2/1), күкірттісутегі бойынша №8 бекет (Көктал ш/а), РМ2,5 бойынша №6 (Ақжол көшесі) мен № 7 (Түркістан көшесі) бекет аудандары неғұрлым көбірек ластанған.

Айта кетсек, елордада атмосфералық ауаның жай-күйін бақылайтын 6 автоматты және 4 қолмен сынама алу бекеті бар.

NASA-ның картасына сәйкес, 16-17 сәуірде Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт ошақтары байқалған. Болжам бойынша, өрт елордада байқалған түтінге әсер етуі мүмкін.