Мадридтік «Реалдың» маманы қазақ футболын қолға алады

Мадридтік «Реалдың» маманы қазақ футболын қолға алады

Мадридтік «Реалдың» маманы қазақ футболын қолға алады
ашық дереккөзі
Бүгін түнде Нұр-Сұлтанға Вальбуэна Рауль Кано келеді. Оған Қазақстан футбол федерациясы ел құрамаларының барлық сараптамасын жасауды тапсырады деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Ол ҚФФ жаңа басшылығының идеясына сәйкес нәтижелерді жақсарту үшін мәліметтер мен қажетті білімді жүйелеуге жауапты болады. 46 жастағы Вальбуэна Рауль Кано бұрын «Мальорка», «Альбасете», «Сарагоса» және мадридтік «Реал» сияқты атақты клубтардың намысын қорғаған өте танымал қақпашы болған. Бірақ қазақстандықтарды Вальбуэна Рауль Каноның «корольдік клуб» қатарынан үш жыл Чемпиондар лигасын жеңіп алған кезде Зинедин Зиданның бапкерлік штабында талдаушы болып жұмыс істегені  көбірек қызықтырған. Қазақстан құрамасының бас бапкеріне келер болсақ, ҚФФ бірнеше үміткердің арасынан таңдау жасап, алдағы күндері шешім шығарады.