Павлодарлық тұрғын жаңадан сатып алған пәтерінен тапанша тауып алды

18 сәуір, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Павлодарлық тұрғын жаңадан сатып алған пәтерінен тапанша тауып алды «Қару» жедел іздестіру іс-шарасы барысында ауыл тұрғыны полицияға «МП-654» пневматикалық тапаншасын тапсырды деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Ер адам тапаншаны анасының пәтеріндегі қойманы тазалау кезінде тауып алған.
«Пәтер жақында сатып алынған. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды», - дейді департамент өкілдері.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы («Қаруды заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.