Қадыров Зеленскийдің «әлі 10 жыл соғысуға» дайын екендігі туралы мәлімдемесіне жауап берді

Қадыров Зеленскийдің «әлі 10 жыл соғысуға» дайын екендігі туралы мәлімдемесіне жауап берді

Қадыров Зеленскийдің «әлі 10 жыл соғысуға» дайын екендігі туралы мәлімдемесіне жауап берді
ашық дереккөзі
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Зеленскийдің Ресеймен «әлі он жыл соғысуға» дайын екендігі туралы мәлімдемесіне өзінің Telegram-арнасында жауап берді деп жазды turkystan.kz.
«Зеленский он жыл бойы күресуге дайын екенін мәлімдеді. Ақымақ! Бізде ондай уақыт жоқ. Сенімен бірнеше күнде бітіреміз. Сен шизофрениямен ауырасың-ау, бәлкім», – дейді Қадыров аудиожазбасында.
Бұған дейін Украина басшысы Киевтің Украина аумағынан бас тарта алмайтынын, бірақ Мәскеумен диалогқа дайын екенін айтқан. Сонымен бірге, ол келіссөздер «ресейлік ультиматум негізінде» жүргізілмеуі тиіс екенін атап өтті.