Елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды

Елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды

Елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды
ашық дереккөзі
Бұл туралы БҒМ бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Еліміздің 1447 мектебінде (бұл барлық мектептердің 25%-ы) оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталады. Оған 4 және 9-сынып оқушыларының арасынан 112 мыңнан астамы қатысады. Ол сәуірдің 29-ына дейін жалғасады. Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды.
«Мониторинг жүргізу заңға былтырғы жылы енгізіліп, биыл мектептерде алғаш рет өткізіледі. Мониторинг мектеп базасында өтеді. Оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. Оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ. Мониторинг сұрақтары оқу бағдарламалары бойынша әзірленген және оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған», - деп атап өтті Шолпан Каринова.
Оның айтуынша, ББЖМ – білім сапасын сырттай тәуелсіз бағалайды. Ол оқушылардың мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюды көздейді.
«Мониторинг қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланатын болады. Нәтижесінде сапалы білімге қол жеткізу үшін білім сапасын арттыру жолында әр өңірге және жекелеген мектептерге арналған кешенді талдау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар әзірленеді» деп жазды Шолпан Каринова.