«Ресеймен әлі 10 жыл соғыса аламыз» – Зеленский

«Ресеймен әлі 10 жыл соғыса аламыз» – Зеленский

«Ресеймен әлі 10 жыл соғыса аламыз» – Зеленский
ашық дереккөзі
Украина Президенті Владимир Зеленский қажет болса, Ресеймен әлі 10 жыл соғыса аламыз деп отыр. Бұл туралы ол CNN арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz. Зеленскийдің айтуынша, соғысты тоқтатудың барлық мүмкіндігін қарастыру керек.
«Мүмкіндіктер күн сайын азайып барады. Ешкім сөйлегісі келмейтін уақыт таяп қалды. Қоғам келіссөздерді жалғастырғанымызды қаламайды. Ал соғыс шексіз болмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек», –  деді Президент.
Оның пайымдауынша, соғыс неғұрлым ұзаққа созылса, украиндар көп шығынға ұшырайды. Адам өлімі де көп болады. Бұдан бөлек, Украина Президенті Киев Ресеймен соғысты тоқтату үшін Донбасстан бас тартпайтынын мәлімдеді. Тағы оқи отырыңыз: Зеленский Ресейдің түпкі мақсатын айтты