«Позор! Позор!»: украиналықтар Сабуровтың Нью-Йорктегі кешінде шу шығарды (ВИДЕО)

«Позор! Позор!»: украиналықтар Сабуровтың Нью-Йорктегі кешінде шу шығарды (ВИДЕО)

«Позор! Позор!»: украиналықтар Сабуровтың Нью-Йорктегі кешінде шу шығарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Сәуірдің 17-сі күні Нью-Йоркте әзілкеш Нұрлан Сабуровтың өнер көрсетуіне украиналықтар кедергі жасамақ болды деп жазды turkystan.kz. Әзілкештің концертіне билет сатып алғысы келгендер Украина жалауларын ұстаған белсенділердің арасынан өтуге мәжбүр болған. Шерушілер саны 50-ге жуық адамды құрады. Олар шара өткен ғимараттың фойесінде «Ұят!» деп ұрандатқан. Еске сала кетейік, бұған дейін әзілкеш сахнаға қызыл дағы бар ақ көйлекпен шыққан украиналық арандатушыны келемеждеген болатын. Сонымен бірге, Америкадағы қойылымдарының бірінде Сабуров жанкүйерлерінің наразылығын түсінетінін айтып, өзінің қадірін төмендетпеуге және әртіс ретінде құрметтеуге шақырды. Сабуров АҚШ-қа сапарын 2022 жылдың қаңтарында жариялаған. Ол Лос-Анджелесте, Сиэтлде, Чикагода, Сан-Францискода және Американың басқа қалаларында кеш өткізуді жоспарлаған болатын.