Білім министрлігі кәсіпорындардың сұранысы бойынша мамандар дайындамақ

Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты оқытуды енгізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Мұндай мемлекеттік тапсырыстың артықшылығы бар. Яғни студент колледжді бітірген соң тапсырыс берушінің кәсіпорнына жұмысқа орналасады. Биыл кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр.

«Мұндай ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын жаңартуға және еңбек нарығының сұранысына сай кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Яғни, белгілі бір мамандарға өтінім беру арқылы кәсіпорын өз өндірісіне сай дайындалған кадрларды алуға мүмкіндігі болады. Кәсіпорын колледж-студент-кәсіпорын үшжақты келісімшартына отырғаннан кейін оқуын аяқтаған студентті жұмысқа орналастыруға міндетті болатынын айта кетейін», – деді БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Мұндай ынтымақтастық тек студенттер үшін ғана емес, сондай-ақ мұғалімдер үшін де тиімді. Өйткені келісімшарт жасалғаннан кейін педагогтар серіктес кәсіпорын базасында тағылымдамадан өте алады. Оқу нәтижесі бойынша кәсіпорын студенттерден қорытынды емтихан қабылдайды.

Оған қоса, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де нысаналы тапсырыс беріледі. Оларға мамандықтар тізімі бөлініп, түлектердің оқу мүмкіндіктеріне сәйкес жеке, бейімдеу бағдарламалары әзірленеді.

Тағы оқи отырыңыз: Әкімдердің цифрлық орынбасарлары пайда бола ма?

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button