Муратаға Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығуға ұсыныс айтылды

Муратаға Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығуға ұсыныс айтылды

Муратаға Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығуға ұсыныс айтылды
ашық дереккөзі
Жапондық Boxing Cafe басылымы Риота Муратаның (16-3, 13 КО) Геннадий Головкиннен (42-1-1, 37 КО) жеңілгеннен кейінгі болашағы туралы пікірімен бөлісті деп хабаралады turkystan.kz. Басылымның жазуынша, Мурата тағы бір қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне ие.
«Мурата әлем чемпионы атағынан айырылғандықтан, ол тоқталмай, әлемнің ең мықты боксшыларымен кездесу ұйымдастыратынына сенейік. Головкин немесе «Канело» болмаса да, орта салмақта мықты боксшылар көп. Кіші Крис Юбанк, Хайме Мунгуиа, Жәнібек Әлімханұлы (ол GGG-мен бір елден), Эскива Фалькао. Әрине, Мурата үшін мотивация сақтау бұдан былай оңай бола қоймас» деп жазды Boxing Cafe.