Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды (ВИДЕО)

Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды (ВИДЕО)

Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
17 сәуір күні сағат 12:00 шамасында Қапшағай-Бақанас тас жолының 35-шақырымында 3 көлік соқтығысты деп жазды turkystan.kz zakonkz Telegram арнасына сілтеме жасап.
 «Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына 80 жастағы Volkswagen Golf жүргізушісі себепкер болған. Ол басып озу кезінде қарсы келе жатқан Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан. Артынша сол бағытта келе жатқан Volkswagen Jetta көлігін соққан», – деп хабарлады Алматы облысы ПД-ның баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды. Олар ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345.3-бабында көзделген тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.