Жаңалықтар

Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды (ВИДЕО)

17 сәуір күні сағат 12:00 шамасында Қапшағай-Бақанас тас жолының 35-шақырымында 3 көлік соқтығысты деп жазды turkystan.kz zakonkz Telegram арнасына сілтеме жасап.  «Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына 80 жастағы Volkswagen Golf жүргізушісі себепкер болған. Ол басып озу кезінде қарсы келе жатқан Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан. Артынша сол бағытта келе жатқан Volkswagen Jetta көлігін соққан», – деп хабарлады Алматы облысы ПД-ның баспасөз қызметі. Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды. Олар ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345.3-бабында көзделген тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.